Басты бет Қоғам Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларды мерекемен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларды мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы құтқарушыларды мерекемен құттықтап, қайта құрылған министрлік қызметкерлеріне табыс тіледі.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы Twitter-дегі парақшасында жазды.

Еліміздегі құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер қиындыққа ұшырағандарға көмек беріп, ерен ерліктің үлгісін көрсетіп келесіздер. Құтқарушылардың түрлі апат салдарын жоюға сіңірген еңбегі зор. Қайта құрылған министрлік қызметкерлеріне табыс тілеймін!, — деп жазды президент.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауында Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажет екенін айтты.

2020 жылы 9 қыркүйекте министрлік қайта құрылды. 11 қыркүйекте Юрий Ильин ведомство басшысы болып тағайындалды.

Exit mobile version