Кеңесші, реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесу кезінде осы жылдың 21 қазанында өтетін Кеңестің бірінші отырысының күн тәртібін талқылады. Негізгі реформалар баяндалды, оларды әзірлеуді тезірек бастау керек, — деді Тоқаев Twitter парақшасында.
Айта кетейік, Қазақстанда 14 қыркүйек күні Президент жарлығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды. Сума Чакрабарти Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық даму мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған.