Басты бет Жаңалықтар Бекіре балығын заңсыз аулаған ер адам сотталды

Бекіре балығын заңсыз аулаған ер адам сотталды

Маңғыстауда бұрын сотталған ер адам жеті бекіре балықтарын заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы «Лада» порталы хабарлады.

Фото ашық дереккөзден

Бұл іс бойынша үкім Мұнайлы аудандық сотында жарияланды. Жергілікті тұрғын 7 бекіре балығын заңсыз сақтаған.

Іс материалдарына сәйкес, Қызыл кітапқа енген балықтар Daewoo Damas микроавтобус салонынан Ақшұқыр кентінің жолынан автокөліктерді тексеру кезінде табылған. Сотталған ер адам Daewoo Damas жүргізушісін такси ретінде жалдаған. Сот үкімімен тәртіп бұзушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша бір жылға бас бостандығынан айыру жазасымен кінәлі деп танылды, — делінген хабарламада.

 

Exit mobile version