Басты бет Жаңалықтар Жамбыл облысында карантин режимі күшейтіледі

Жамбыл облысында карантин режимі күшейтіледі

Жамбыл облысының Бас санитар дәрігері "Жамбыл облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қаулыға қол қойды. Карантин режиміндегі шектеу шаралары 2020 жылдың 19 қазанында сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді. 

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қаулыға сәйкес тыйым салынған жұмыс орындары:

Балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, түнгі клубтар, боулинг орталықтары және тағы басқалар);

Демалыс және мереке күндері азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының, сауда үйлері;

Көпшілік жиналатын іс-шаралар;

Қалыпты режимде жұмыс істейтін мал базарлары;

Жерлеу іс-шараларын өткізуде қашықтықты сақтай отырып, 30-дан аса адамның жиналуына жол бермеу;

Сонымен бірге Жамбыл облысының елді-мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың жүріп-тұруы сағат 23.00-ден  06.00-ге дейін шектеледі. 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына тыйым салынады.

 

Exit mobile version