Басты бет Жаңалықтар Шетелдіктер асырап алған қыз Қазақстаннан отбасын іздейді

Шетелдіктер асырап алған қыз Қазақстаннан отбасын іздейді

Америкалық Фредериксбург тұрғыны Яна Герати есімді АҚШ тұрғыны биологиялық ата-анасын Қазақстаннан іздеп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы

Фото Янаның Facebook-тегі парақшасынан

Яна Герати 1992 жылы мамырда Ақтөбеде дүниеге келген. Қызды 10 жасында асырап алып, шетелге әкеткен. Бұл туралы ол АҚШ-та тұратын қазақстандықтар жазылған Facebook-тегі топта жазба қалдырған екен.

Мен биологиялық ата-анамды және отбасы мүшелерімді іздеп жүрмін. Бұл топ менің ата-анамды табуға көмектесе алады деп естідім. Мені 2001 жылы асырап алған. Менің қазақ отбасымды табуға көмектесе алатындар болса, өте ризамын. Қолымда құжаттар бар. Алайда кез-келген ұйымға сенуге қорқамын. Себебі бұған дейін мені алдаған. Сондықтан қазір өзім іздестіріп жатырмын, — деп жазады  Яна Герати Facebook-тегі жеке парақшасында.

Яна Гератиді асырап алған  ата-ана одан жасөспірім кезінде бас тартқан екен.  Ол Қазақстанда аты Гранчевич Яна Манольевна болғанын айтады. Айтуынша, оның биологиялық анасының аты — Гранчевич Марина Павловна, 1964 жылы дүниеге келген. Сонымен бірге Яна Facebook-тегі жеке парақшасында  Вирджиния штатында тұратыны, АҚШ әскерінде қызмет ететінін көрсеткен.

Exit mobile version