Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында карантин режимі күшейтілді

Алматы облысында карантин режимі күшейтілді

Алматы облысында карантин режимі күшейтіледі. Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын енгізу туралы" Алматы облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

2020 жылдың 19 қазанынан бастап Алматы облысында карантин шаралары күшейтіледі. Бұдан былай төмендегі объектілер жұмысын тоқтатады:

Сыйымдылығы 50 адамнан асатын қоғамдық тамақтану объектілері (асханалар, дәмханалар, кофе, мейрамханалар және басқа да мекемелерді қосқанда);

Барлық мектепке дейінгі ұйымдар (кезекші топтарды қоспағанда);

Барлық ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютер клубтары, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалар).

Ойын-сауық спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, сондай-ақ отбасылық, естелік және салтанатты іс-шараларды өткізуге болмайды.

65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу енгізіледі.

Қоғамдық көліктер 6.00-ден 10.00-ге дейін және 17.00-ден 20.00-ге дейінгі уақытта бес минуттан аспайтын интервалмен жолаушылар тасымалдайды.

Exit mobile version