Басты бет Медицина Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандарға қатысты дерек

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандарға қатысты дерек

Қазақстанда бір күнде COVID-19 инфекциясын 108 адам жұқтырғаны белгілі болды, 276 пациент жазылып шықты, 3 науқас қайтыс болды.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Xi Lin

Жаңа дерек елдің 15 өңірінде тіркелді, тек Шымкентте және Қызылорда облысында коронавирус бірде-бір адамнан анықталмады.

COVID-19 жұқтырған ең көп пациент Нұр-Сұлтанда (16), Солтүстік Қазақстан облысында (14), Алматы мен Павлодарда (12) тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 109 202-ге жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 14 495(+12);
Нұр-Сұлтанда — 14 247(+16);
Атырау облысында — 11 178(+6);
Қарағанды облысында — 10 376(+7);
Шығыс Қазақстан облысында — 8 976(+10);
Батыс Қазақстан облысында — 6 903(+5);
Шымкентте — 5 209(+0);
Алматы облысында — 5 008(+5);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 271(+14);
Жамбыл облысында — 4 151(+2);
Павлодар облысында — 4 027(+12);
Ақмола облысында — 3 550(+6);
Қостанай облысында — 3 534(+4);
Түркістан облысында — 3 398(+3);
Маңғыстау облысында — 3 370(+3);
Ақтөбе облысында — 3 264(+3);
Қызылорда облысында — 3 245(+0).

Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 2 618 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 107 бала бар. 2 042 пациент стационарларда, 576 адам амбулатория жағдайында емделіп жатыр.

81 науқастың жағдайы нашар. Соның ішінде 14 пациенттің ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Exit mobile version