Басты бет Қоғам Қызылорда гандболшылары əлем чемпионатында бақ сынайды

Қызылорда гандболшылары əлем чемпионатында бақ сынайды

Қызылорда облысындағы "Қайсар ҚМУ" гандбол клубы әлем чемпионатына қызу дайындалып жатыр. Бұл туралы гандбол клубының бас жаттықтырушысы Вячеслав Ким айтты.

Биылғы маусымға дайындықты жақсы аяқтадық. Қыздарымыз жаттығу барысында жақсы нəтижилер көрсетті, барын салып дайындалды. Алдағы уақытта бірнеше республикалық, əлемдік бəсеке жоспарланған. Егер жоспарланған жарыстар межеленген уақытында орындалса, біз дайынбыз. Тағы да топ жарып, жерлестерімізге жеңіс сыйлаймыз деген ойдамыз. Команданың жаттығуына көңілім толады, — деді Вячеслав Ким.

Айта кетейік, «Қайсар ҚМУ» гандбол командасы — 11 дүркін ҚР чемпионы, 4 дүркін жастар спорт ойындарының және 4 дүркін ҚР спартакиадасының жеңімпазы, 2 дүркін клубтар лигасының Азия чемпионы дәрежелерін бағындырып үлгерді.

Exit mobile version