Басты бет Қоғам Денсаулық сақтау министрлігі 4 елмен арадағы рейс санын азайтуды ұсынды

Денсаулық сақтау министрлігі 4 елмен арадағы рейс санын азайтуды ұсынды

Ведомство Қазақстан мен Украина, БАӘ, Германия, Беларусь арасындағы әуе қатынасын азайту туралы ұсыныс айтты.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Igor_Eezo

Бірқатар елде эпидемиология ахуалы нашарлап жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі  Қазақстанға коронавирус инфекциясының сырттан келуіне байланысты Украина, БАӘ, Германия және Беларусьпен әуе қатынасын азайтуды ұсынады, — деді Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.

2020 жылдың 6 қазанынан бері Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен 14 832 жолаушы келді, оның 3 051-і сараптамадан өтті, тоғызынан коронавирус анықталған.

Exit mobile version