Басты бет Медицина Елімізде 3,3 мыңнан астам мекеме карантин талаптарын бұзған

Елімізде 3,3 мыңнан астам мекеме карантин талаптарын бұзған

Карантин режимін сақтамау дерегі бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы облысы көш басында тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты.

Фото: Coronavirus-control.ru

Ерлан Қиясовтың айтуынша, азаматтар маска тақпаған, арақашықтық сақтамаған, карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілер жұмыс істеп тұрған, мекемелерге медицина қолғабы мен антисептик қойылмаған, адам көп жиналатын іс-шаралар өткен.

Қазіргі уақытта әкімдіктер жанындағы 873 мониторинг тобы карантин шараларының сақталуын тексеруді жалғастырып жатыр. Карантин режимі жеңілдеген сәттен — 18 қыркүйектен 12 қазанға дейін 26 013 объектіні тексердік, 3 302 объектіде талап  бұзылғаны анықталды. Кейінгі үш аптада Нұр-Сұлтанда ереже жиі сақталмаған,  тексерілген объектілердің 37% санитария шаралары мен карантин талаптарын ескермей жұмыс істеген, Алматы облысында бұл көрсеткіш 35%, — деді Ерлан Қиясов.

1 566 адамға әкімшілік айыппұл салынды. Түркістан облысында 431, Нұр-Сұлтанда 105 және Шымкентте 106 мекеме жауапқа тартылды.

Exit mobile version