Басты бет Жаңалықтар Геннадий Головкин P4P рейтингінде көш бастады

Геннадий Головкин P4P рейтингінде көш бастады

Decisión Dividida порталы Фейсбуктегі парақшасында қараша айы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) іріктелген үздік боксшылар рейтингін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рейтинг басында боксшы Геннадий Головкин (36-0) тұр, ол биыл енді ригнке шықпайды. GGG келесі айқасын 18 наурызда Нью-Йоркте өткізеді, оның қарсыласы америкалық Дэниел Джейкобс болмақ. Тізімде екінші орында никарагуалық Роман Гонсалес «Чоколатито» (46-0), үшінші орында третье — украиналық Василий Ломаченко (7-1) тұр.

Ал Forbes нұсқасы бойынша Р4Р-боксшылардың ішінде Геннадий Головкин ең табысты ондықта Сауль «Канело» Альварестен кейін 2-орында тұр.

Сондай-ақ, қазақстандық боксшы маркетингтік әлеуеті басым спортшылардың ТОП-50 қатарына кіреді. Бұл тізімде Геннадий Португалия құрама командасы және Реал Мадрид клубында өнер көрсететін футболшы Криштиану Роналдудан жоғары сатыда тұр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version