Басты бет Білім Қазақстан оқушылары күзде неше күн демалады?

Қазақстан оқушылары күзде неше күн демалады?

Биыл күзгі каникул кезінде оқушылар 10 күн демалады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі Facebook-те хабарлады.

Фото: Айгүл Хожантаева

Күзгі каникул 5-14 қараша аралағына түсіп отыр.

Күзгі каникул кезінде оқушылар 5-14 қараша аралығында 10 күн демалады, — делінген хабарламада.

На изображении может находиться: текст

Айта кетейік, Қазақстанда 2020-2021 оқу жылы эпидемиология жағдайына байланысты әртүрлі форматта басталды. Оқушылардың көбі қашықтан оқып жатыр.

1-4-класс оқушылары үшін кезекші кластар жұмыс істей бастады: бір класта 15 оқушыдан артық емес.

Жаңа оқу жылында бастауыш кластарда 1 миллионнан астам бала оқиды, олардың 60%-і ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша мектептерде, кезекші кластарда станитария талаптарын қатаң сақтай отырып оқуды бастады.

Exit mobile version