Басты бет Қоғам Президент Кувейтке, Молдоваға және Кипрге елші тағайындады

Президент Кувейтке, Молдоваға және Кипрге елші тағайындады

Елші боп тағайындалған Дархан Кәлетаев пен Сатыбалды Бұршақов жаңа қызметін қазіргісімен қоса атқарады.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды», — делінген жарлықта.

Exit mobile version