Басты бет Медицина Бағдат Қожахметов: Карантиннің біз күткен нәтижесі болмай отыр

Бағдат Қожахметов: Карантиннің біз күткен нәтижесі болмай отыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясы мен пневмониясын жұқтырған науқастар саны көбейіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.

Бағдат Қожахметов. Видео скрині

Бағдат Қожахметовтің айтуынша, азаматтар санитария талаптарын сақтамаса, тағы да қатаң карантин енгізілуі мүмкін.

Жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан карантин шараларының біз күткен нәтижесі болмай отыр. Науқастар саны қайта өсіп жатыр, сіздер оны күнделікті көріп отырсыздар. Азаматтар санитар дәрігердің талаптарын сақтамаса, тағы да катаң карантин оралуы әбден мүмкін. Өткен тәулікте 66 азаматтан инфекция анықталды, яғни 0,6% өскен. 345 пациент емделіп жатыр. Кейінгі тәулікте 262 науқас коронавирус пневмониясын жұқтырды, 0,8% өсті, — деді Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.

Айта кетейік, 7 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирусты барлығы 108 362 адам жұқтырды, 103 465 пациент жазылды, 1 752 науқас қайтыс болды.

Exit mobile version