Басты бет Медицина «Әкімдер жауап беруі керек». Президент Қазақстанда ана өлімі көбеюі туралы айтты

«Әкімдер жауап беруі керек». Президент Қазақстанда ана өлімі көбеюі туралы айтты

Қазақстанның барлық өңірінде ана өлімі бірнеше есе көбейді. Сол себепті Үкімет медицина көмегінің өзге түрлерін де ұмытпауға тиіс.

Фото: Айгүл Хожантаева

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, былтырғы 8 айда 36 әйел қайтыс болса, биылғы 8 айда 131 әйел қайтыс болыпты. Мысалы, Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш шамамен 13 есе, Қызылорда облысында 9 есе, Шымкентте 7 есе көбейді.

Неге бұл адамдарға көмек көрсетілмеді? Қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұл — өте өзекті сұрақтар. Оларға әкімдер жауап беруі керек, — деді ол.

Президент Үкіметке өңірлермен бірлесіп, аталған фактілердің әрқайсысын тексеріп, нәтижесін баяндауды тапсырды.

Ана мен баланы қорғау, онкология, кардиология, пульмонология және медицина көмегінің басқа да түрлерін беру — ел алдындағы міндетіміз. Әкімдерді, жалпы Үкіметті бұл міндеттен ешкім босатқан жоқ. Президент әкімшілігіне осы мәселені бақылауға алуды тапсырамын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Exit mobile version