Басты бет Қоғам Қырғызстандағы наразылық: кеше түнде Бішкекте не болды?

Қырғызстандағы наразылық: кеше түнде Бішкекте не болды?

Қырғызстан парламенті - Жогорку кенеш сайлау қорытындылары жойылды. Бұл туралы 24.kg басылымына бас прокурордың міндетін атқарушы Алмамбет Шықмаматов айтты деп хабарлады Tengrinews.kz.

Фото: REUTERS

Алмамбет Шықмаматов бұл оппозицияның басты талабы екенін және оның орындалғанын айтты.

Бірақ әзірше біз жаңа дауыс беру күнін белгілемейміз. Оған уақыт жоқ, — деді Алмамбет Шықмаматов.

Еске салайық, 5 қазаннан бастап Қырғызстан астанасы Бішкекте митинг басталды. Олардың басты талабы Жогорку кенеш сайлау қорытындыларын жою болған. Наразылыққа шыққандар Ақ үйге басып кірген. Кейін президент және парламент резиденциясында өрт шыққаны хабарланған.

Бішкекте болған митинг салдарынан бір адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қақтығыста 590 адам зардап шеккен. Оның 150-і ауруханаға жатқызылса, 13-і жансақтау бөліміне жатқызылды.

Оппозиция жақтастары бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты түрмеден босатты.
Сонымен бірге бұрынғы премьер-министр Сапар Исақовты және екі экс-депутат Садыр Жапаров пен Равшан Джеенбеков те енді бостандықта.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева  айтты.

Exit mobile version