Басты бет Қоғам Стратегиялық жоспарлау агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Стратегиялық жоспарлау агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Әркен Өтенов пен Жаслан Мәдиев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасарлары болды.

Фото: Аkorda.kz

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен: Әркен Хамитұлы Өтенов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды; Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, — делінген құжатта.

Еске салайық, Қазақстанда Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі 9 қыркүйекте құрылды.

14 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа агенттікке төраға етіп Қайрат Келімбетовті тағайындады.

Exit mobile version