Басты бет Қоғам Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы халықаралық әуежайдың ашылу салтанатына қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы халықаралық әуежайдың ашылу салтанатына қатысты

Түркістан облысына сапары барысында Елбасы Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты.

Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

Халықаралық әуежайдың құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асқан. Қаладан 20 шақырым қашықтықта орналасқан әуежай халықаралық стандарттарға сай заманауи технологияларды қолдана отырып салынған.

Әуе айлағын салу үшін 102 бірлік арнайы техника мен 300-ден астам құрылысшы жұмылдырылды. Халықаралық әуежайдың жалпы ауданы 905 га құрайды. Әуежайдың қызмет көрсету әлеуеті жылына шамамен 3 миллион жолаушыны құрайды.

Exit mobile version