Басты бет Қоғам Шымкентте жалған шот-фактура жазумен айналысқан топ ұсталды

Шымкентте жалған шот-фактура жазумен айналысқан топ ұсталды

Қаржы мониторингі комитеті Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың ұсталғанын хабарлады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Tengrinews.kz жазды. 

Видео кадры

Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде Шымкент аумағында алдын ала сөз байласу арқылы нақты жұмыс істемей, қызмет көрсетпей немесе ерекше ауқымда тауарларды жөнелтумен айналыспай шот-фактура жазумен айналысатын бір топ адамды анықтады, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, ұйымдастқан қылмыстық топ 615 миллион теңге көлеміндегі жалған шот-фактура жазып бергені үшін осы соманың 6,5%-і, яғни 40 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталды.

Шымкенттің Абай аудандық соты айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 3-бөлімінің 216-бабы бойынша (нақты жұмыс істемей шот-фактура жазу бойынша іс-әрекеттер жасау. — Ескерту) кінәлі деп тапты. Олар шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, — деп хабарлады комитет.

Exit mobile version