Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге көңіл айтып, жеделхат жолдады. Бұл туралы Akorda.kz хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Украинаның Харьков облысында ұшақ апаты салдарынан украин әскерилерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған курсанттардың туған-туысқандарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен қауышуына тілектестік білдіремін, – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, бұған дейін 25 қыркүйекте Украинада ұшақ құлап, салдарынан 26 адам қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Exit mobile version