Басты бет Жаңалықтар Әскери авиаторларға мемлекеттік наградалар табыс етіліп, мерзімнен бұрын кезекті әскери атақ...

Әскери авиаторларға мемлекеттік наградалар табыс етіліп, мерзімнен бұрын кезекті әскери атақ берілді

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов оқу жылының соңында Жетіген және Талдықорған гарнизондарына жоспарлы жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыс сапары барысында бас қолбасшы әскери бөлімдердің жаңа оқу жылына дайындығын, оқу-материалдық база объектілерінің жай-күйін тексерді. Комиссия құрамында келген бір топ офицерлер ғимараттарды, үй-жайларды тексерді, Жетіген және Талдықорған гарнизондарының аудандық пайдалану бөлімдерінің бастықтарымен жұмыс кеңесін өткізді.

ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы мен ҚР Қорғаныс министрінің атынан қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін ӘҚК-нің бас қолбасшысы мемлекеттік наградалар табыстады. Полковник Сергей Поплавский ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, майор Бақытжан Кәрімов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, ҚР ҚК-нің қызметкерлері Виктор Боровиков пен Лидия Лазарева құрмет грамотасымен марапатталды.

Әскери міндетін үлгілі орындағаны үшін бірқатар әскери қызметшіге мерзімнен бұрын кезекті әскери атақ берілді.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version