Басты бет Қоғам Қызылорда облысында әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі өтеді

Қызылорда облысында әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі өтеді

Қызылорда облысында 996 Үкіметтік емес ұйым тіркелген. Бірақ соның 454-і ғана белсенді жұмыс істейді. Құжат жүзінде құрылған, бірақ қоғамға пайдасы жоқ бірлестіктер енді жабылады. Облыстық ішкі саясат басқармасы осы мәселені қолға алды.

Мира Қазбекова. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Азаматтық бастамаларды қолдау және оларға жан-жақты көмек көрсету — Президент Жолдауында көрсетілген басты міндеттерінің бірі. Сондықтан қоғамдық бірлестіктердің жұмысы жанданады. Оларға алдымен әдістемелік көмек беріледі.

әлеуметтік жобалар, Қызылорда облысы

Қазір сын сағаттағы сыналған тұсымызда біздерге береке мен бірлік, бір-бірімізге қолдау, жұмыла жүк көтеру ауадай қажет. Қазіргі ахуалға байланысты тың, жаңа әлеуметтік жобалар қажет. Ол үшін біз өңірдегі азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп қыркүйек айының соңында «Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесін» өткізуді жоспарлап отырмыз. Ұсынылатын жобаларды біз ең алдымен Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерге бағыттаймыз, — деді басқарма басшысы Мира Қазбекова.

Жолдауды ақпараттық сүйемелдеу жөнінде арнайы облыстық медиа-жоспар әзірленіп, оны облыс әкімі бекітті. Медиа-жоспар үш негізгі бөлімнен, 145 тармақтан тұрады. Бүгінге дейін Жолдаудың негізгі міндеттерін насихаттау бағытында бұқралық ақпарат құралдарында барлығы 2415 материал жарияланды.

Exit mobile version