Басты бет Қоғам Қызылорда жастарының стартап жобалары талқыланды

Қызылорда жастарының стартап жобалары талқыланды

"Байқоңыр" ӘКК " АҚ бастамасымен облыстық жастар саясаты басқармасы бірлесіп "Жастар орталығы" ғимаратында Kyzylorda Business Hub мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жастар жобаларының презентациясы өтті.

Кездесуде өндіріс және қайта өңдеу саласындағы стартап жобалар, халыққа қызмет көрсету бойынша қызметтер, жылжымалы оттегі станциясын ұйымдастыру, күнбағыс майын өндіру, ұңғымаларды бұрғылау бойынша қызметтерді ұйымдастыру, денсаулық клубын ашу және тағы басқалары ұсынылды.

Мүдделі қаржы институттары қаржыландыру бойынша қолдауды, кредиттер бойынша ішінара кепілдік беруді, өтеусіз грант беруді қажет ететін стартап жобалар пулын іріктеп алды.

Айта кету керек, «Байқоңыр «ӘКК» АҚ алаңында осындай бастамашыл жобаларды қарау бойынша кездесу екінші рет өтіп, тұрақты негізде өтеді.

Exit mobile version