Басты бет Қоғам Тест: Қайрат Нұртастың қандай әнісіз?

Тест: Қайрат Нұртастың қандай әнісіз?

Мінезіңіз қандай? Жан-дүниеңізді қалай сипаттауға болады? Қайрат Нұртастың репертуарындағы қай әнді сізге таңып атауға болады? Тест өтіп, тексеріп көрейік.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов
0%

Әлемдегі барлық адам құзырыңызда болса, түскі асқа кімді шақырар едіңіз?

Қандай үй жануарын бағып алар едіңіз?

Жақтыра бермейтін туысыңыз үйге жетіп келді. Не істейсіз?

Үйде жалғыз қалғанда не істейсіз?

Өмірдегі басты мақсатыңыз қандай?

"Таңертең бойыңызда тылсым күш пайда болады, таңда" десе, қандай қабілетті таңдар едіңіз?

Жиі ғашық боласыз ба?

Үйіңіз өртке оранды делік. Жақындарыңыз бен үй жануарларыңызды құтқарып үлгердіңіз. Енді бір ғана затыңызды алатын мүмкіндік бар. Ол не?

Қартаймай, белгілі бір жаста мәңгі қалуға мүмкіндік туса, неше жасыңызды таңдар едіңіз?

"Менің кемшілігім - мынау" деп қайсысын атай аласыз?

Қайрат Нұртастың қай әнісіз?
"Маскүнем"

микрофон

Жаратқандай сені басқа әлем Өзіңе шынайы да рас күлем, Махаббатың улайтын арақ болса, Болайын сен үшін маскүнем... деп Қайрат Нұртас ән салғандай, сіз де сүйікті адамыңыз немесе ісіңіз үшін кез келген қиындықтан өтуге, төзуге, шыдауға дайынсыз. Тәуекелге барудан қорықпайтын қасиетіңіз бар. Адамдармен тез тіл табысасыз және де кіммен қалай сөйлесу керегін жақсы білесіз. Өз-өзіңізбен және қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүресіз.
"Мен оралам"

микрофон

Көңіліңіз пәк, сезімтал адамсыз. Басқалар сіз күткен әрекет жасамаған кезде тез ренжисіз. Бұл ренішіңіз кейде орынды болып жатады, ал кейде "түймедейді түйедей" ететініңіз де рас. Дегенмен сіз жаныңыздағы әр жанды бағалап, қадірлейсіз, сол себепті тез кешіресіз. Жақындарыңызбен жақсы қарым-қатынаста болғанды, үлкен ортада жүргенді ұнатасыз.
"Бағдаршам"

микрофон

Табиғилық пен қарапайымдылықты жоғары бағалайсыз. Адамдар сізге жақын жүруді қалайды. Себебі жер қозғалса да қозғалмайтын сабырлы, байыпты жан болып көрінесіз. Басқалар сізге сүйеніп, тұрақтылығын сақтағысы келеді. Жаныңызға жақын адамдар сіз барда өзін қауіпсіз сезінеді. Жылы жүректі, мейірбан адам ретінде таниды. Ішкі жан дүниеңізбен жақын танысқан адам тәкаппар да, дөрекі де емес екеніңізді біледі.
"Ауырмайды жүрек"

микрофон

Ой толғамыңыз бен сараптауыңызға тұрақтысыз. Келбетіңізді өзгертпейсіз. Беймаза адамдардың бос, мылжың әңгімесін естігенше, жалғыз болуды артық санайсыз. Бірақ нағыз достарыңызбен араласқанда, өзіңізді жайлы сезініп, үйлесім мен тыныштық сезімін бастан өткізесіз. Алайда ұзақ уақыт көріспей қалсаңыз, уайымдамайсыз. Өзгелерді жиі сағынбайтын адамсыз.
"Ана"

микрофон

Мейрімді, байсалды адамсыз. Бірақ барлық адамға бірдей ашыла бермейсіз. Кейде ішімдегіні тап дегендей тұйық мінездісіз. Қанағатшыл адамсыз. Әр нәрсенің тиімді тұсын көруге тырысасыз. Жақындарыңыз бен достарыңызға әр дайым көмек қолын созуға дайынсыз. Қысқасы, сіздің сөздігіңізде "жоқ" деген сөз жоқ.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Exit mobile version