Балалардың хаттары 2016 жылдың 20 желтоқсанына дейін қабылданады. Олар «Қазпочта» АҚ-да жиналып, арнайы комиссияның сұрыптауынан өтеді. Онда халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған тобына жататын балалардан, жетім және жағдайы төмен отбасылардан шыққан бүлдіршіндерден келген хаттарға сөзсіз басымдылық беріледі.
«Өткен жылы біз серіктестерімізбен бірге мыңға жуық сыйлық тараттық және бұл жоба жаңа деңгейге шықты — бізді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қолдап, балаларға өз атынан сыйлықтар жіберді. Осы жылы министрлер мен ірі компаниялардың басқарма төрағалары да оның жолын жалғастырады деп сенеміз» — деп атап өтті «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
Барлық балаларға сыйлықтарды Аяз ата мен Ақшақар костюмін киген компанияның қызметкерлері, серіктестер мен БАҚ өкілдері табыстайтын болады. Сондай-ақ, Аяз атаға хат жазып, мекен жайын көрсеткен барлық балаға «Қазпочта» АҚ Аяз атаның атынан жаңажылдық құттықтау жазылған түрлі-түсті хаттар мен компания атынан естелік сыйлық жіберетін болады.
Аяз атаға хатты облыс орталықтарындағы барлық басты почталарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларындағы «Мега» ОСО, Астана қ. «Керуен» ОСО, Павлодар қаласындағы «Батыр Молл» ОСО-дағы арнайы жәшікке салу арқылы жіберуге болады. Шалғайдағы ауыл тұрғындары өз хаттарын пошта бөлімшесінің операторы арқылы жіберуі қажет, ол хатты Аяз атаға жеткізетін болады.
Аталған акцияның биылғы серіктестері: «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, Tengrinews.kz, «Казкоммерцбанк» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Хоум Кредит Банк» АҚ ЕБ, «Альфа-Банк» ЕБ АҚ, «Alina» компаниялар тобы, «НОМАД Иншуранс» СК АҚ, ЖШС «Еврофарма», «Best For Kids» қоғамдық қоры, Ұлттық Волонтерлік желі және басқа да компаниялар.
құрметті Аяз ата! менің атым — Алькаусар. жасым 5-те. мен үшін бұл хатты анам жазУДА, бірақ сізге жазу ниеті менікі. Осы жылда сізден өтініп сұрайтыным, қатерлі ісікке шалдыққан туысымыздың қызына тосын сый жасаңызшы. оның есімі — Құдайберген Айша, 4 жаста. басында ісік бар, 5 рет ота жасалды. күні бүгінге дейін Астана қаласындағы «Ана мен бала орталығындағы — онкология бөлімінде», оған далаға шығуға, қыдыруға болмайды, сондықтан барлық қызықты қызықтап отыратындай — «Планшет» сыйға тартыңызшы. өтініп сұраймым. маған өзіме ештеңе керек жоқ.
Курметти Аяз Ата?
Аяз Ата магае осы жылда сотка сыйлайсыз ба ол сотка самсунг галакси5тен 2еу иним бар ол да сотка жоо. Буны жазнан акем. Бирак жазу ниети меники. Аяз Ата менин тилегимди орынданызшы.
Салеметсызбе Аяз Ата .менин атым Елмира .Мен хатты синылим ЖАЗИРА мен жазып отырмын. Мен сызден Жана смартфон жане синылиме куыршак Барби сурагым келыптур. Сызды уйымде кутемын
Салеметсызбе Аяз Ата. Менын атым Елмира . Мен хатты синилым ЖАЗИРА мен жазып отырмын. Мен сизден Жана смартфон жане синылиме куыршак Барби скрап отырмын. Мен сизды уйымде кутемын