Басты бет Қоғам Солтүстік Қазақстан облысында құстарды әдейі өлтіріп жатқаны рас па?

Солтүстік Қазақстан облысында құстарды әдейі өлтіріп жатқаны рас па?

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қызғалдақ Жұбатханова Солтүстік Қазақстан облысында құстарды өтемақы үшін әдейі өлтіріп жатыр деген ақпаратқа түсінік берді.

Фото: Inform.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы 3 құс фабрикасына кіріп шықтық. Әдейі өлтірді деген шындыққа жанаспайды. Әр құс өлімін міндетті комиссия мүшесі тіркейді, негізгі актілерге қол қойылады. Бұған жергілікті әкімдік, Республикалық эпизоотияға қарсы отряд, жергілікті инспекция қатысады. Сол себепті біз әр өлімді тіркейміз, содан кейін анықталады, — деді  Қызғалдақ Жұбатханова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.

9-20 қыркүйек аралығында Қазақстанның 5 өңірінде құс тұмауы тіркелді.

Айта кетейік, Қазақстанда 2005 жылдан бері құс тұмауы тіркелмеген.

Exit mobile version