Басты бет Қоғам «Мектепке жол». Қызылордада жөнделген компьютерлер оқушыларға таратылды

«Мектепке жол». Қызылордада жөнделген компьютерлер оқушыларға таратылды

Облыстық "Жастар ресурстық орталығында" қайырымдылық шарасы өтті. "Мектепке жол" акциясы аясында IТ-паркпен бірлесе ұйымдастырылған шарада тұрғындар істен шыққан компьютерлерін орталыққа әкелген болатын.

Фото: Kyzylorda-news.kz

Нәтижесінде мамандар жүзден астам компьютердің ішіндегі қажет бөлшектерді пайдалана отырып, жаңа 30 компьютерді жасақтап шығарды. Бүгін оларды бірінші лекпен жаңа оқу жылына орай тұрмысы төмен, мұқтаж отбасыларға таратты.

Енді балалар карантин уақытында кедергісіз оқып, білімін жетілдіруге мүмкіндік алады. Республикада алғаш болып Қызылорда өңірінде қолға алынған бұл бастама алдағы уақытта жалғаспақ.

Бұған дейін де орталық «Мектепке жол» акциясына қаладағы қайырымды кәсіпкерлер қауымын тарта отырып, оқушыларға қажет құрал-жабдықтарды тарту еткен.

Exit mobile version