Басты бет Басты Алматыда философтар мен саясаттанушылардың форумы өтті

Алматыда философтар мен саясаттанушылардың форумы өтті

Алматыда "Қазақстан философиясы әлемдік философиялық ой кеңістігінде: Тарих, бүгін келешек" атты философтар мен саясаттанушылардың форум өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен шараға жиналған ғалымдар «адам капиталының қалыптасуы Қазақстанның даму тірегіне айналуы тиіс» деген тоқтамға келді. Жиынға Қазақстандық ғалымдардан бөлек Беларусь, Италия, Ресей және басқа да елдерден келген жетекші мамандар қатысты.

«Қазіргі біздің заманымызда ең бір көкейкесті мәселе – бұл адам болу. Бұл, мысалы, әділ болу, ұятың болу, кісілігің болу. Адамшылық нашарлаған жерде ешқандай нағыз даму болмайды», — дейді философ, ҚР ҰҒА академигі Жабайхан Әбділдин.

Форумда Қазақстанның тәуелсіз дамуы нәтижелерінің философиялық және саясаттану тұрғыcында өлшемдері талқыланды. Сонымен қатар әлем ғалымдарының қолданбалы әлеуметтану, саясаттану және дінтану саласындағы зерттеулері бойынша пікір алмасулар болды.

Халықаралық маңызы бар шара арнайы Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version