Басты бет Қоғам Алматыда митингіге шығушылар несие амнистиясын талап етті

Алматыда митингіге шығушылар несие амнистиясын талап етті

Алматының Шоқан Уәлиханов атындағы саябақ алаңында митинг өтті. Оны өткізуге қала әкімдігі рұқсат берген. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Видео скрині

Митингіні тііркелмеген Қазақстанның демократиялық партиясын жақтаушылар мен азаматтық белсенділер ұйымдастырды. Қатысушылар несие амнистиясын талап етті  және шетелдіктерге жер беруге тыйым салуды сұрады. Оған қоса, қытай экспансиясына қарсылық білдіріп, қамаудағы белсенділерді босатуды талап етті. Банкке көмектесуге ақша бөлінудің тоқтатылуы керек екені де айтылды.

Митингідегілер Қазақстан Әнұранын орындап, домбыра тартты. Ұйымдастырушылар митингіге 300-ге жуық адам қатысқанын айтты.

Қала әкімдігі бұл бейбіт митингіне өткізуге рұқсат беріп, қатысушыларға маска тағу мен қоқыс шашпау туралы жадынама таратты.

Exit mobile version