Президенттің Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары басталды

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Петропавлға ұшып барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Facebook-те хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысында Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен кездесіп, өңірдегі күзгі жиын-терім науқанының барысымен танысады, — деп жазды Берік Уәли.

Петропавл, Солтүстік Қазақстан облысы
Фото Берік Уәлидің Facebook-парақшасынан

Айта кетейік, бүгін, 10 қыркүйек күні таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Президент Қостанай облысының шаруаларымен кездесті және балмұздақ және ашытылған сүт өнімдерін өндіретін «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты.