Басты бет Тест Тест: Мектеп бағдарламасын қаншалықты жақсы білесіз?

Тест: Мектеп бағдарламасын қаншалықты жақсы білесіз?

Мектеп берген білім ересек өмірде қажетке жарап жүр ме? Мектеп бағдарламасын еске түсіруге арналған сынақтан өтіп көріңіз, бәлкім, әлі де "оқу озаты" шығарсыз.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Turgay Mutlay
0%

Қай материкті төрт бірдей мұхит шайып жатыр?

Correct! Wrong!

Еуразия - дүниежүзіндегі ең үлкен материк, оны төрт бірдей мұхит шайып жатыр: оңтүстігінде Үнді мұхиты, солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхит, батысында Атлант мұхиты, шығысында Тынық мұхит.

Фотода Менделеев кестесіндегі қай элемент берілген:

Correct! Wrong!

Мына суретте BD сызығы қалай аталады?

Correct! Wrong!

Биссектриса - бұрыштың төбесі арқылы өтетін және оны қақ бөлетін түзу сызық. Үшбұрыштың биссектрисалары бір нүктеде - осы үшбұрышқа іштей сызылған дөңгелектің центрінде қиылысады.

Қазақ ханы Қасымның билігі тұсында:

"Алмас қылыш" фильмінің кадры
Correct! Wrong!

Қасым хан тұсында (1445-1521) қазақ атты әскерінің саны 300 мың, халқының саны 1 млн-ға жетті. Шекара батыста Еділге, оңтүстікте Ташкентке дейінгі жерлерді қамтыды.

0,1 километрде неше дециметр бар?

Correct! Wrong!

1 километр 10 000 дециметрге тең. Олай болса, 0,1 километрде 1000 дециметр бар.

Суреттегі дене мүшесі қалай аталады?

Correct! Wrong!

Қайсар мектепке қажет зат алып, базарлап жүргенде барлығы 20 торкөз дәптер сатып алған еді. Оның 10%-і толып қалды. Қайсарда қанша жаңа тор көз дәптер қалды?

Correct! Wrong!

20 дәптер = 100%. Х дәптер = 10%. Х дәптер санын табу үшін 20 дәптердің 10%-ін анықтаймыз: 20х10=200. 200÷100=2. Сосын шыққан мәнді 20 санынан алып тастаймыз: 20-2=18.

Жер шарының нағыз геометриялық пішіні:

Correct! Wrong!

Алпамыс батырдың әкесінің есімі кім?

Correct! Wrong!

Алпамыс батыр туралы: "Жиделі Байсын жерінде, Қоңырат деген елінде. Байбөрі деген бай бопты, Төрт түлігі сай бопты... ...Бір перзентке зар бопты... " деп басталатын батырлар жырында батырдың әкесінің есімі Байбөрі деп аталады.

Ампер ненің өлшемі?

Correct! Wrong!

Ампер - электр тогының өлшемі. Француз физигі Андре Ампердің құрметіне аталған. Магнит қозғалысының күші мен магнит потенциалының әртүрлігі де ампермен өлшенеді.

Мектеп бағдарламасын білесіз бе?
Мектепте оқығаныңызды ара-тұра еске түсіріп тұрған артық етпейді екен. Дегенмен жарайсыз!

Жарайсыз! Мектепте алған білімді қажетке жаратып жүрмін деп есептеңіз:)

Әп, бәрекелді! Мектепте жақсы оқығаныңызға көз жетті!

Share your Results:

Exit mobile version