Ампер ненің өлшемі?

Ампер - электр тогының өлшемі. Француз физигі Андре Ампердің құрметіне аталған. Магнит қозғалысының күші мен магнит потенциалының әртүрлігі де ампермен өлшенеді.
Қайсар мектепке қажет зат алып, базарлап жүргенде барлығы 20 торкөз дәптер сатып алған еді. Оның 10%-і толып қалды. Қайсарда қанша жаңа тор көз дәптер қалды?
20 дәптер = 100%. Х дәптер = 10%. Х дәптер санын табу үшін 20 дәптердің 10%-ін анықтаймыз: 20х10=200. 200÷100=2. Сосын шыққан мәнді 20 санынан алып тастаймыз: 20-2=18.
Қазақ ханы Қасымның билігі тұсында:
Қасым хан тұсында (1445-1521) қазақ атты әскерінің саны 300 мың, халқының саны 1 млн-ға жетті. Шекара батыста Еділге, оңтүстікте Ташкентке дейінгі жерлерді қамтыды.
Мына суретте BD сызығы қалай аталады?
Биссектриса - бұрыштың төбесі арқылы өтетін және оны қақ бөлетін түзу сызық. Үшбұрыштың биссектрисалары бір нүктеде - осы үшбұрышқа іштей сызылған дөңгелектің центрінде қиылысады.
Жер шарының нағыз геометриялық пішіні:
Қай материкті төрт бірдей мұхит шайып жатыр?
Еуразия - дүниежүзіндегі ең үлкен материк, оны төрт бірдей мұхит шайып жатыр: оңтүстігінде Үнді мұхиты, солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхит, батысында Атлант мұхиты, шығысында Тынық мұхит.
0,1 километрде неше дециметр бар?
1 километр 10 000 дециметрге тең. Олай болса, 0,1 километрде 1000 дециметр бар.
Фотода Менделеев кестесіндегі қай элемент берілген:
Суреттегі дене мүшесі қалай аталады?
Алпамыс батырдың әкесінің есімі кім?
Алпамыс батыр туралы: "Жиделі Байсын жерінде, Қоңырат деген елінде. Байбөрі деген бай бопты, Төрт түлігі сай бопты... ...Бір перзентке зар бопты... " деп басталатын батырлар жырында батырдың әкесінің есімі Байбөрі деп аталады.
Share your Results: