Басты бет Білім Қазақстанда 4000 бала жоғары білім беру қосымша грантын иеленеді

Қазақстанда 4000 бала жоғары білім беру қосымша грантын иеленеді

Қосымша грант тағайындау жөнінде мемлекеттік комиссияның шешімі шықты. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Фото: СДУ-дың PR және маркетинг департаменті

Дидар Смағұловтың жазуынша, білім гранты конкурсына қатысқан ата-ана қамқорлығынсыз қалған бірде-бір баланың грантсыз қалмаған.

Ал игерілмеген гранттар 2020 жылғы түлектерді барынша қамту үшін қайта тағайындалатыны мені ерекше қуантып отыр. 15 қазанға дейін біз тағы 4000-нан астам жанұяны қуантамыз, оларға Үкіметтің тиісті жарлығынан кейін қосымша гранттар тағайындалады (педагогика ғылымдары, АКТ, инженерлік, өңдеу мен құрылыс салалары, ауыл шаруашылық және биоресурстар), — деп жазды Дидар Смағұлов.

Айта кетейік, 2020-21  оқу жылы үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарына 53 мыңнан астам грант берілді.

Exit mobile version