Басты бет Қоғам «Мектепке жол». Келесте 60 оқушыға оқу құралдарына толы сөмкелер берілді

«Мектепке жол». Келесте 60 оқушыға оқу құралдарына толы сөмкелер берілді

Жаңа оқу жылы қарсаңында Келес ауданындағы Бастауыш партия ұйымдары тарапынан мұқтаж отбасыларғдың тізімі жасақталып, соларға көмектесу жөнініде ұсыныс берілген болатын.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Nur Otan партиясы Келес аудандық филиалының ұйымдастыруымен, демеушілердің есебінен «Мектепке жол» акциясы өткізілді.
Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына қажетті оқу құрал-жабдықтарымен жасақталған сөмкелер дайындалып, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Jas Otan» ЖҚ-ның ерікті жастары арқылы табысталды.
Жалпы 60 оқушы мектеп құрал-жабдықтарына ие болды.

Exit mobile version