Басты бет Қоғам Алматы облысында тағы бір сервистік әкімдік ашылды

Алматы облысында тағы бір сервистік әкімдік ашылды

Алматы облысында азаматтардың барлық өтініш-тілегін жедел әрі тиімді қарастыратын және халыққа мемлекеттік қызметтерді бір ғимаратта, ауданның әр түкпірінде орналасқан бөлімдерді іздемей-ақ алуға мүмкіндік беретін сервистік әкімдіктер ашылып жатыр. Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүзеге асады.

Фото: "Жетісу-Ақпарат"

Соның бірі — Іле ауданының жаңа сервистік әкімдігі ашықтық пен қолжетімдік өлшемдеріне сәйкес келеді және жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға ықпал етеді.

Сервистік әкімдіктің ашылуы бүгін Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Ернар Мақажанов пен Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевтың қатысуымен өтті.

Бүгінде Алматы облысында 8 сервистік әкімдік жұмыс істеп тұр (Ақсу, Балқаш, Қарасай, Қаратал, Көксу, Райымбек, Іле аудандарында, Талдықорғанда).

Жыл соңына дейін облыстың барлық қалалары мен аудандарында осындай сервистік әкімдіктер ашу жоспарланған.

Exit mobile version