Басты бет Қоғам Қызылорда облысына Украинадан гуманитарлық көмек келді

Қызылорда облысына Украинадан гуманитарлық көмек келді

Kusto Group компаниясы Украинадағы Қазақстан елшілігінің қолдауы арқылы Қызылорда облысына медициналық дәрі-дәрмек қорын жеткізді.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Eric Nyffeler

Гуманитарлық көмекпен емдеу мекмелеріне қажет 160 қорап «Меропенем-Виста» дәрісі мен 3230 қорап «Левофлоксацин-Новофарм» дәрісі әкелінген.

Бұл дәрі-дәрмек қоры облыстағы барлық емдеу ұйымына сұранысына қарай бөлініп, таратылды.

дәрі, гуманитарлық көмек
Фото: Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі

Атап айтар болсақ, 160 қорап «Меропенем-Виста» дәрісінің барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына берілсе, 3230 қорап «Левофлоксацин-Новофарм» дәрісінің 350-і облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына, 360-ы Арал ауданаралық ауруханасына, Қазалы ауданаралық ауруханасына 360 қорап, Қармақшы аудандық ауруханасына 360, Сырдария аудандық ауруханасына 360, Жалағаш аудандық ауруханасына 360, Шиелі ауданаралық ауруханасына 360, Жаңақорған ауданаралық ауруханасына 360, Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына 360 қорап таратылды.

Exit mobile version