Қаржы министрінің бұйрығымен Берік Нәжімиденов Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Берік Нәжімиденов 1979 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы — экономист-менеджер, заңгер.
Еңбек жолын 2000 жылы Павлодар мұнай өңдеу зауытында оператор болып бастаған.
2002-12 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасында түрлі лауазымды атқарған.
2012-14 жылдары Нұр-Сұлтан бойынша Қаржылық бақылау комитетінде жұмыс істеген.
2014-16 жылдары Қарағанды бойынша Қаржылық бақылау және ішкі мемлекеттік аудит комитетінде жұмыс істеді.

