Басты бет Қоғам Қазақстанда дельфинарийлер жабылуы мүмкін

Қазақстанда дельфинарийлер жабылуы мүмкін

Экология министрлігі қазақстандықтардың дельфинарийлерді жабу туралы ұсынысын қарастырады. Бұл туралы министр Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында жазды. 

Фото: Sputniknews.kz

Бұл аяқ астынан пайда болған мәселе емес. Сондықтан оның шешілуі үшін белгілі бір уақыт керек. Халықаралық тәжірибелер ескерілуі қажет. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы заңның жобасында дәл осы гуманизм принциптері негіз болады. Министрлік атынан осы мәселеге алаңдаушылық білдіріп, азаматтық ұстанымын танытқан адамдарға алғысымызды айтамыз, — деп жазды Мағзұм Мырзағалиев.

https://twitter.com/MirzagalievKZ/status/1297793426663059457

Айта кетейік, қазақстандықтар дельфинарийлердің жабылуын талап етіп, петицияға қол қойып жатыр. Оған қазірге дейін 5 мыңнан астам адам қол қойған.

Exit mobile version