Басты бет Қоғам Президент Мұхтар Аюбаевты қызметінен босатты

Президент Мұхтар Аюбаевты қызметінен босатты

Мұхтар Аюбаев бұл қызметке 2019 жылы тағайындалған еді.

Мұхтар Аюбаев. Фото: Sgork.gov.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Аюбаевты Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметінен босатты. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметінен босатылды, — делінген құжатта.

Мұхтар Аюбаев 1959 жылы 22 тамызда Алматы облысы Енбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында туған. 1976 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген.

1984 жылы мемлекеттік қауіпсіздік органдарында қызметке шақырылған. Содан бері түрлі қызмет атқарған.

Exit mobile version