Акция жайлы алғашқы жазбада Irondude пен Qańtar қандай да бір ТМД халқының өкілін «Аватар» мультсериалының әлеміне тән стильде, яғни табиғи құбылыс сиқыршысы кейпінде салып, жариялау керек екенін айтқан болатын.
«Аватар кейіпкерлерін өзіңізге тән ұлттық киімде салыңыздар. Киім стилін аша түсіңіздер, қызықты, таңғаларлық екенін көрсетіңіздер. Өз мәдениетіңізді басқа ТМД халықтары мәдениетімен араластырыңыздар. ТМД-дағы өзге мәдениетті де беріңіздер». Авторлардың жазбасынан
Суреттерді негізінен #АватарСНГ #ATLASNG #AvatarSNG тегтері бойынша жүктеліп жатыр.
«Аватар: Аанг туралы аңыз» — аниме және американ мультипликациясы стилінде салынған АҚШ сериалы. 2005-2008 жылдар аралығында Nickelodeon телеарнасында жүрді. Үш маусымнан тұратын сериал оқиғасы Азия мәдениетін еске салатын, ойдан шығарылған әлемде өтеді. Мұнда су, жер, от және ауаны басқара алатын сиқыршы адамдар өмір сүреді. Бас кейіпкер — 12 жасар Аанг есімді бала мен оның достары.
Осы жазбадан кейін ТМД аумағында тұратын суретшілер акцияға қатысып, өз еңбектерін жариялай бастады.
Мәселен, тред авторларының бірі Qańtar Жер иесі деген кейіпкерді ұсынды.
Бойымда татардың да, әзірбайжанның да қаны бар деп хабарлаған суретші мынадай екі еңбекті ұсынды:
Украин сиқыршысы:
Якут медиасы акция аясында бейнеленген саха кейіпкерлерінің топтамасын жариялады:
Армян және шешен қыздары:
Удмурт қызы:
Бойымда мордва, казак, түрік және тағы басқа ұлттардың қаны бар деп жазған суретшінің салғаны:
Башқұрт бейнесі:
Орыс сиқыршысы:
Луганскіден жеткен сурет:
Өзбек сиқыршысы:
Татар қызы:
Қазақ от сиқыршысы осындай болар еді:
Хакас кейіпкері:
Адай қызы:
Twitter-де жарияланған суреттердің бірнешеуін келтіре кетейік.

Акция аясындағы суреттерді #АватарСНГ #ATLASNG #AvatarSNG хештегтерімен тауып, көруге болады.