Басты бет Қоғам 12 жасқа дейінгі балалар маска тағуы керек пе?

12 жасқа дейінгі балалар маска тағуы керек пе?

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының сайтында ДДҰ мен ЮНИСЕФ балаларға маска тағуды міндеттеу туралы мәселеге пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Catalyst

ДДҰ мен ЮНИСЕФ 12 және одан үлкен жастағы балаларға ересектермен бірдей, әсіресе инфекция жаппай тарайтын аумақта баланың айналасындағылардан кемінде бір метр қашықта болуын қамту мүмкін болмаған кезде маска тағуды ұсынады.

Ұйымдағы сарапшылардың айтуынша, 6-11 жас аралығындағы балалардың маска тағу қажеттігі туралы шешім баланың тұрғылықты жерінде инфекцияның қалай тарап жатқанын және оның масканы қауіпсіз және дұрыс қолдана алатынын ескеріп қабылдануы керек.

Сонымен қатар масканың қолжетімді болуы және оларды қандай да бір жағдайларда (мысалы, мектепте немесе балалар мекемелерінде) жуу және ауыстыру мүмкіндігі ескерілуі қажет, — дейді мамандар.

Exit mobile version