Басты бет Қоғам Қасым-Жомарт Тоқаев Мақтаарал мен Арысқа барады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мақтаарал мен Арысқа барады

Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

Фото Берік Уәлидің Facebook-парақшасынан
Президент сапар барысында Мақтаарал ауданына барып, Сардоба су қоймасында болған апаттың салдарын жою жұмыстарымен, зардап шеккен азаматтар үшін салынған тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, тұрғындармен кездеседі.

Бұдан кейін Арысқа барады. Онда былтыр жарылыс болған әскери бөлімді қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, тұрғындар үшін жаңадан салынған және жөнделген үйлерді, қайта қалпына келтірілген теміржол вокзалын аралап көреді, — деп жазды Берік Уәли.

Қазақстан Президенті жұмыс сапарының соңында Түркістанға барып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жөндеу жұмыстарын көреді, «Сапар орталығының» қызметімен танысып, жаңадан салынған «Жібек жолы» саябағын аралайды.

Exit mobile version