Басты бет Қоғам Алдағы 3 тәулікте республиканың солтүстігінде күзгі суық басталады

Алдағы 3 тәулікте республиканың солтүстігінде күзгі суық басталады

"Қазгидромет" синоптиктері 18-20 тамыз күндері солтүстікке суық циклон келетінін болжады. Соның әсерінен Қазақстанның солтүстік жартысы күзге енгендей болады.

Фото: Wallpapers-image.ru

Мамандардың болжамына қарағанда, күзгі температурамен бірге толассыз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, кей өңірде тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы 15-20 градусқа дейін төмендейді. Республиканың оңтүстік өңірлерінде де өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз температура 22-30-дан 30-35 градус жылыға дейін көтеріледі, — деп хабарлады мамандар.

Exit mobile version