Басты бет Қоғам Елімізде телевизия және радио жұмысы уақытша тоқтайды

Елімізде телевизия және радио жұмысы уақытша тоқтайды

Қазақстанда 19 тамыз күні теле және радио хабарларын тарату уақытша тоқтайды. Бұл туралы "Қазтелерадио" акционерлік қоғамының сайты хабарлады.

Фото: Myrussia.cc

19 тамыз күні сағат 03.00 мен 17.00 аралығында жерсеріктік, цифр және аналог эфирлік желілердің техника құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы профилактика жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, — делінген хабарламада.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын профилактика жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.

Exit mobile version