Басты бет Қоғам Толассыз жаңбыр және жел. Синоптиктердің алдағы 3 тәуліктегі ауа райына болжамы

Толассыз жаңбыр және жел. Синоптиктердің алдағы 3 тәуліктегі ауа райына болжамы

"Қазгидромет" мамандары 11-13 тамызда ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Фото: Тengrinews.kz

Синоптиктердің болжамына қарағанда, аптаның бірінші жартысында оңтүстік циклон Қазақстандағы ауа райына әсер етеді.

Өңірлерде найзағай ойнайды, жаңбыр жауады. Солтүстікте және солтүстік-батыста толассыз жаңбыр жауады. Атмосфера фронттарының өтуіне байланысты дауыл тұрады, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, — деп хабарлады синоптиктер.

Солтүстікте ауа температурасының түнде 7-15 градус жылыға дейін, күндіз 15-20 жылыға дейін төмендейді.

Exit mobile version