Қызылорда қалалық ауруханасы толық залалсызданады

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес 3 тамыз күні аурухана толығымен жабылып, 35 науқас инфекциялық ауруханаға ауыстырылды. Қалған науқастың барлығы жағдайының жақсаруына байланысты амбулаторлық емге шығарылды.

Қазір қалалық аурухана толық залалсыздандырылуға жақын. Орта, кіші буын және дәрігерлеріміздің барлығы 10 тамыздан бастап жұмысқа шығуға дайын, — дейді ауруханың бас дәрігері Бауыржан Төлегенұлы.

Қызылорда қалалық ауруханасы медицина құралдарымен 92% жабдықталған. Халыққа стационарлық, жоғары мамандандырылған медицина көмегін және күндізгі, ақылы бөлімде медициналық қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда аурухана 235 төсек-орнымен науқастарды қабылдап жұмыс істеп жатыр.