Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда 2,2 миллион адам 21 250 теңге алды

Қазақстанда 2,2 миллион адам 21 250 теңге алды

Елімізде карантин кезінде табысынан айырылғаны үшін 2,2 миллион адам төлемақы алды. Бұл туралы Tengrinews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап, хабарлады.

7 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша осы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 миллион 480 мың бірегей өтініш қабылданды. Төлем мөлшері ең төменгі жалақы — 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 227,1 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 миллион 138,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ең төменгі жалақы — 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды, — делінген ведомствоның хабарламасында.

Төлем 2 миллион 249,1 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 миллион 227,1 мың қазақстандыққа аударылды.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ең төменгі жалағы немесе 63 750 теңге (42 500 теңге + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Exit mobile version