Басты бет Қоғам Қызылорда полицейлері азаматтарға маска таратты

Қызылорда полицейлері азаматтарға маска таратты

Қызылордалық полиция қызметкерлері карантин режимін бұзған, қоғамдық орындарда маскасыз жүрген азаматтарға 83,340 теңге (30 АЕК) айыппұл салмай, керісінше маска үлестіруді қолға алды.

Фото: Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі

Пандемиямен күреске билік барлық күшті жұмылдырып жатыр. Солардың бірі – полиция қызметкерлері.

Облыстық полиция басқармасы қала әкімдігімен бірлесіп Dalatex серіктестігінің қолдауымен тұрғындарға 3000 маска таратты.

Акцияға қалалық жастар орталығының волонтерлары да қатысты.

Exit mobile version