Басты бет Қоғам Жастар Жетісу табиғатын көрсете отырып домбыраны насихаттады

Жастар Жетісу табиғатын көрсете отырып домбыраны насихаттады

5 шілде - Ұлттық домбыра күніне орай Алматы облысы жастар саясаты басқармасы қазақ халқының ұлттық брэндіне айналған төл домбыраны насихаттау, Жетісудың көркем табиғаты мен домбыра өнерін ұштастыра отырып, жастардың бойына отаншыл рухты дарыту мақсатында Нұрғиса Тілендиевтің "Әлқисса" күйіне бейнебаян түсірді.

Көлсай. Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Бұл бейнебаян — төл өнерді насихаттаудағы бірегей бастама. Жетісу жерінің дарабозы, атақты күйші Нұрғиса Тілендиевтің туындысын елімізге танымал өнерпаздар орындады. Олар — Ержан Есіркепұлы — күйші, «Ұлытау» тобының экс-солисі, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының солисі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері. Нұркен Нұрғалиұлы Әшіров — күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері, Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты. Рүстем Наурызов — «Қазақ өнерінің қайраткері», Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің ұстазы, күйші, сазгер, бірнеше мемлекеттік дәрежедегі байқаулардың жүлдегері. Ұшқын Жамалбек — әнші, «Алашұлы» тобының экс-солисі, сазгер, күйші.

Бейнебаянда Алматы облысының Көлсай, Қайынды көлдері, Айғайқұм, Шарын шатқалы сияқты көрікті жерлерінде домбырашылардың «Әлқисса» күйін орындағаны көрсетіледі.

Exit mobile version