Басты бет Қоғам Елорда күніне орай Текеліде биіктігі 25 метрлік тутұғыр орнатылды

Елорда күніне орай Текеліде биіктігі 25 метрлік тутұғыр орнатылды

Алматы облысы Текеліде Елорда күні мен Ата Заңымыздың 25 жылдығына орай биіктігі 25 метрлік тутұғыр орнатылды.

Фото: Inform.kz

Бұл жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Ту көтеру құрметіне каратэден жасөспірімдер арасындағы Әлем және Азия чемпионы Әсемай Акрамбек ие болды.

Текеліде «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша барлығы 13 жоба жүзеге асып жатыр. Оған 1 миллиард 837 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.

Текелі, тутұғыр
Фото: Inform.kz

Сонымен қатар моноқалада балаларға арналған екі спорт алаңы да пайдалануға берілді. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға барлығы 214 адам қамтылуға тиіс. Қазір соның тең жартысынан астамы қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тартылып, аталған нысандарда еңбек етіп жатыр.

Exit mobile version